Өлең: Мұқағали Мақатаев (Бұлт)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Бұлт)

Тұңғиық, түпсіз көк аспан
Жайымен ғана жатыр сұлқ.
Керуендей адасқан
Келеді жылжып бір топ бұлт.
Дауылдың құлы қошқыл бұлт
Көмескі торға байланып,
Бойында күші етпей былқ,
Барады қайда айдалып?
Бұлтты кенет буды ашу,
Долдана дауыл сыпырды.
Көк беті болды уда-шу,
Найзағай оғы атылды.
Тәкәппар, долы тынды жел,
Бұлт өксіді еңіреп.
Қарық болды қара жер,
Қайғылы жасын төгіп ед.
Кенет дауыл сап етті,
Қайтадан мініп қалпына.
Бұлтты айдап әкетті
Бұрылттырмай артына!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Бұлт өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Бұлт

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]