Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонымен күндер өтті)
...Сонымен күндер өтті,
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер өтті?!
Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Бәрін де қабылдапты, күндемепті.
Күндемепті бәтірің, талғамапты,
(Өмір үшін адамдар қанға батты).
Кеткендердің артында айғыз-айғыз
Біреуден із, біреуден таңба қапты.
Біреулерден із емес, жол қалыпты,
(Өмір жолын олардың оңғарыпты).
Артында тұғыры жоқ пақырлардың
Алдында апандайын ор қалыпты.
Өтті күндер, кетті кім құрағынан,
Ит өлімді еріксіз мұра қылған.
Адамдардың өмірі жаралсашы,
Радийдің өзінің шуағынан
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер өтті?!
Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Бәрін де қабылдапты, күндемепті.
Күндемепті бәтірің, талғамапты,
(Өмір үшін адамдар қанға батты).
Кеткендердің артында айғыз-айғыз
Біреуден із, біреуден таңба қапты.
Біреулерден із емес, жол қалыпты,
(Өмір жолын олардың оңғарыпты).
Артында тұғыры жоқ пақырлардың
Алдында апандайын ор қалыпты.
Өтті күндер, кетті кім құрағынан,
Ит өлімді еріксіз мұра қылған.
Адамдардың өмірі жаралсашы,
Радийдің өзінің шуағынан
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: