Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жарығым-ай!)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жарығым-ай!)

Жарығым-ай!
Тұман торлап жүзіңді қалды ма-ай!
Деуші еді ғой: «Жалғыздың жары Құдай»,
Неге таси береді қаным ұдай?!

Жалт етеді бір үміт, тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп.
Қаным сыймай барады арнасына,
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Селдеткенде, екі өзен тасығанда,
Тал қармаймын, жағаға асылам да.
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп, .
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?!

Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады, толқынды атып.
Бәрі келіп, тоғысып,
Жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.

Соққанда кеп миымнын жарқабағын,
Бір минуттық тынымға зар боламын.
Менін жарық дүнием, шуағыңды
Ала кетсем деймін де, қарманамын
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жарығым-ай! өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жарығым-ай!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]