Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жаным сен жасымағын)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жаным сен жасымағын)

Көбейте берме, жаным, шашың ағын,
Жаным, сен жасымағын, жасымағын,
Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын,
Шашылады шұғылам, ашыламын.
Ұшқындарын жан-жаққа шашыратқан,
Кездерім бар кей-кейде жасын атқан.
Қара бұлтқа қара да басымдағы,
Күн шығады деп ойла осы жақтан.
Жанымның жақсы емес тыншығаны,
Тыншығанда жүрегім тұншығады.
Жасынымнан, жаным, сен сескенбегін,
Жай отының артынан күн шығады.
Жай отымды алыппын бәсеңдетін,
Есім кетіп қалыпты, есем кетіп.
Ақ жаңбырдың нұрына шомыла бер,
Нөсерлетіп алайын, нөсерлетіп.
Жаным, сен жасымағын, жасымағын!
Нөсерлетіп бұлттардан жай атылмай
Күн тымырсып тұрғанға ашынамын
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жаным сен жасымағын өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жаным сен жасымағын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]