Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыр-ошақ)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыр-ошақ)

Күмілжіп, күйің келмей тұр ма, жаным?..
Қояйын бір сапырып жыр қазанын.
Біле ме жұрт, білмей ме, бимағұлым,
Тарғыл тасты таулардың бір қазағын.
Бәрібір, сенсін мейлі, сенбесін көп,
(Менің ойым менімен жерге сіңбек...)
Жыр-ошақтың өтемін отын үрлеп,
Қара елеңі қазақтың сөнбесін деп.
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ киелі тілім менің.
Қасіретті шақтардан түңілгенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жыр-ошақ өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жыр-ошақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]