Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жасасаң қайыр қарыз...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жасасаң қайыр қарыз...)

Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа,жарқыным!
Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының.
Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ.
Өмірдің қалған тамтығын.
Ақ уыз берді, қарыз деп анам айтпады,
Мойнымда әлі, әкенің қарызы қайтпады.
Қарыз демей-ақ, қамқоршым болған дос қанша,
Қайтарар едім, қайтейін, мені байытпады...
Еліме мәңгі қарыздар едім қашаннан,
Өтермін қашан?
Кетермін қайда?
Қаша алман.
Қарыз деп айтпас, қайрымды мынау өмірге,
Қарыздар болып жасалғам.
Қарыз деп айтпа, жасасаң маған қайырым,
Қайтара алмаспын, белгісіз менің байырым...
Мен деген,жолдас, жарлының жалғыз тайымын,
Ағытып болмас айылын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жасасаң қайыр қарыз.. өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жасасаң қайыр қарыз..

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]