Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жетінші ноябрь Алматы)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жетінші ноябрь Алматы)

Бәрі де ұнасымды:
Неше тәулік түнерген күн ашылды,
Алаңдарды кернеген сән-салтанат,
Асылып Алатауға құлаш ұрды.
Алқызыл ұрандардан, жалаулардан,
Көшелерде алқызыл алау жанған.
Зиянсыз зеңбіректер атылуда,
Әскери қалашықтан, аландардан.
Ұнасымды, жарасымды,
Адамдардың барлығы бала-сынды.
Алаулаған Алматы тербеледі,
Қызғалдағы құлпырған дала-сынды.
...Есіме алдым ауылды, Қарасуды,
Сағыныштан көңілім аласұрды.
Қарасу да мейрамдап жатқан болар,
Салтанаты бойына жарасулы...
Тамашалап жатыр-ау таулы мекен,
Таулы мекен...
Жаныммен баулып өтем.
Бір уыс бұлт бір тамбай кетпеуші еді,
Қарасуға қар жауып қалды ма екен
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жетінші ноябрь Алматы өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жетінші ноябрь Алматы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]