Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным)

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным,
Кешкілік бақты ұзақ араладым,
Өбісіп те, өлісіп екеу отыр
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.
...Есімде бар, жаз ба еді, күзде ме еді,
Көп жыл болды бұл баққа біз келгелі.
Әйтеуір дәл осылай, бейуақта,
Құмар-көңіл әлдене іздеп еді.
Ел аулақта екеуміз отырысып,
Ерітуші ек осылай мұз денені.
Осы мезгіл, осы шақ, осы уақта,
Отырушы ек осылай осы бақта.
Артымызда қап қойған албырт жастық,
Ой, тоба! Әлі күнге шошымапты, ә?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]