Өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн жылыған жер жібіген)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн жылыған жер жібіген)

Күн жылыған, жер жібіген,
Құстар келген шақтарда,
Төрдегі өрген төрт түлікке,
Төл жамырап жатқанда,
Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,
Бірде шалқып,бірде жанған, бірде өшкен оттарға.
Естігенде сазға қонған сарыала қаз саңқылын,
Көктем келіп қалыпты-ау деп,табатын-ды жан тыным.
Қара нөсер төгіп тұрған қара бұлт ішінен;
Аңғарушы ем айқүш-ұйқыш,алмас қылыш жарқылын.
Содан жаз кеп, ен жайлауға - Шалкөдеге көшкенде,
Алдымыздан аңқушы еді айғай тастан ескен жел.
Туған жерін өмірбақи ұмытпасын деген ғой,
Айналайын аналарым кіндігімді кескенде.
Содан ба екен, қалам тартсам, жыр тумайды жерімсіз,
Мен сеземін, күтіп жатыр,күтіп жатыр, тек үнсіз.
Туған жердің топырағын сүйе алмасам мәңгілік,
Онда мені қалды деңдер көмусіз де кебінсіз
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Күн жылыған жер жібіген өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Күн жылыған жер жібіген

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]