Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен деген - ырза мәз бала)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен деген - ырза мәз бала)

Достар-ау, қайда тайдыңдар
He берді маған ай-жылдар?
Аздаған менде бақыт бар,
Аз ғана менің қайғым бар.
Қалғаны болса айтыңдар.
Айтылған арыз, назға да,
Көктемге, қысқа, жазға да.
Мен деген - ырза, мәз бала.
Рахат көрген аз ғана,
Азап та тартқан аз ғана,
Мен деген - ырза, мәз бала
Сәби қалпымнан қозғама.
Молынан маған бермеген
Бермесе қойсын кенде емен.
Аязды аздап көрген ем,
Ыстықта аздап шөлдегем,
Анасының да ақ сүтін
Айызы қанып ембеген -
Мәз бала, достар, мен деген.
Жыласам-дағы еңбектеп,
Жығылсам-дағы еңбектеп,
Рахат алып аз ғана
Аз ғана еткен еңбектен
Мен деген - ырза, мәз бала,
Мәз болам мынау Жер - Көкке
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Мен деген - ырза мәз бала өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Мен деген - ырза мәз бала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]