Өлең: Мұқағали Мақатаев (Миллиард дастарқаны)
Жалғанның жартысындай жалпақ далам,
Кеудең - ырыс, алтын тақ - арқаң маған!
Қозғалсаң қойыныңнан дән саулаған,
Кәусар далам, бас идім, гауһар далам!
Жесір ем, жетімек ем жаутаңдаған,
Ырысқа кенелттің-ау, партия анам!
Кезімде әлсіреген, қансыраған,
Сен болдың алдымен кеп хал сұраған.
Сенен кеп су сұрағам, нан сұрағам,
Кезеңде екі талай сансыраған.
О, менің жан сыбағам, ар сыбағам,
Мәңгілік қызығым боп, қалшы далам!
Жарастық жақындықтың дастарқаны,
Кім сенің пейіліңнен бас тартады,
Ақ отаулар тігілсін, қостар тағы,
Толтырыңдар нығыздап бос қамбаны,
Жер бетінде көбейсін достар тағы,
Менің жерім достықтың асқар тауы!!!
Ошағын да, отын да қаза қылмай,
Қайнап жатқан ырыстың тай қазанындай.
Жайнап тұрған мәңгі достық базарындай,
Қазағыңдай досың бар,қазағыңдай.
Қашандағы танитын жаза бұрмай.
Тойыма кел, достарым, тартынбағын,
Пейіліме сай пейілмен жарқылдағын.
Алтындарын сапырған алтын дәнін,
Алып Одақ өсірген аясында,
Досың барын, қазақтай, халқың барын,
Есіңе алып, тойға кел,жарқындарым!
Сөнбе мәңгі!
Достықтың оты лаула!
Думан-той, сән-салтанат жатыр алда.
Жаяйық миллиардтың мол дастарқанын,
Алатау, Алтай, Арқа мен Атырауға!
Кеудең - ырыс, алтын тақ - арқаң маған!
Қозғалсаң қойыныңнан дән саулаған,
Кәусар далам, бас идім, гауһар далам!
Жесір ем, жетімек ем жаутаңдаған,
Ырысқа кенелттің-ау, партия анам!
Кезімде әлсіреген, қансыраған,
Сен болдың алдымен кеп хал сұраған.
Сенен кеп су сұрағам, нан сұрағам,
Кезеңде екі талай сансыраған.
О, менің жан сыбағам, ар сыбағам,
Мәңгілік қызығым боп, қалшы далам!
Жарастық жақындықтың дастарқаны,
Кім сенің пейіліңнен бас тартады,
Ақ отаулар тігілсін, қостар тағы,
Толтырыңдар нығыздап бос қамбаны,
Жер бетінде көбейсін достар тағы,
Менің жерім достықтың асқар тауы!!!
Ошағын да, отын да қаза қылмай,
Қайнап жатқан ырыстың тай қазанындай.
Жайнап тұрған мәңгі достық базарындай,
Қазағыңдай досың бар,қазағыңдай.
Қашандағы танитын жаза бұрмай.
Тойыма кел, достарым, тартынбағын,
Пейіліме сай пейілмен жарқылдағын.
Алтындарын сапырған алтын дәнін,
Алып Одақ өсірген аясында,
Досың барын, қазақтай, халқың барын,
Есіңе алып, тойға кел,жарқындарым!
Сөнбе мәңгі!
Достықтың оты лаула!
Думан-той, сән-салтанат жатыр алда.
Жаяйық миллиардтың мол дастарқанын,
Алатау, Алтай, Арқа мен Атырауға!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: