Өлең: Мұқағали Мақатаев (Неңді сенің аңсаймын бала шағым?)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Неңді сенің аңсаймын бала шағым?)

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Бұлдыраған айналаң ала сағым.
Ала сағым ішінде - болашағың,
Болашағың болашақ алашағың.
Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?»
Соғыс келді:жүрекке жара салды,
Шапан еттім төсенген алақанды,
Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды.
Сағынам ба суық мен талқаныңды?!
Суығынды, сүрқия қаңтарыңды.
Әжем байғұс мезгілсіз ораза ұстап,
Бізге беріп талқанын қаңтарылды.
Сағынам ба түстерің, кештеріңді?!
Жалаң аяқ таңғы шық кешкенімді.
Өшкенімді білдірмей, өскенімді,
Жүре бердім жамылып бөстегімді.
Сағынбаймын,
Сағынсам, мүңайтады...
Мұңайсам, көңіл тағы лайтады.
Әнуарды, Шәмшіні, Шәмілдерді
Күн өткізген солай деп кім айтады?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Неңді сенің аңсаймын бала шағым? өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Неңді сенің аңсаймын бала шағым?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]