Өлең: Абай Құнанбаев (Сұрғылт тұман дым бүркіп)

Өлең: Абай Құнанбаев (Сұрғылт тұман дым бүркіп)

Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт жылайды.
Әйелмісің, жылама,
Тәуекел қыл Құдаға!
Өлең айт,
Үйге қайт!
Атаңды анаң азғырып,
Тұрғызбаған бейішке.
Алласы оны жазғырып,
Әкелді бастап кейіске.
Әйелде ешбір опа жоқ,
Бүгін — жалын, ертең — шоқ.
Белді бу,
Бетті жу!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай құнанбаев Сұрғылт тұман дым бүркіп өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Сұрғылт тұман дым бүркіп

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]