Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны)
Көз жұмғанша дүниеден
Иманын айтып кеткені-ай!
"Бейсенбі ме бүгін?" деп,
Жұмаға қарсы өткені-ай!
Жер күңіреніп, жұрт шулап,
Ағайын түгел жеткені-ай!
Жамиғат тоңбай, күн жылып,
Тәңірім рақым еткені-ай!
Ием қабыл алды-ау деп,
Көңіліме қуат біткені-ай!
Қуаттанып бақсам да,
Күнәлі нәпсім түйтпеді-ай.
Ата тегің мұндағы —
Орта жүздің ұлығы;
Ана тегің ондағы —
Өзен судың тұнығы.
Екі асылдан қосылған
Сом алтынның сынығы.
Өлгенше естен қалмайды
Өзгеше біткен қылығы.
Қызыл балақ қыранның
Балапанын дерт алды.
Жеміс ағаш, бәйтерек
Балдырғанын өрт алды.
Артына белгі тастамай,
Жал-құйрығын келте алды.
Ағайынды тойғызбай,
Аз күн қоймай, ерте алды.
Көп жасамай, көк орған,
Жарасы үлкен жас өлім.
Күн шалған жерді тез орған,
Күншіл дүние қас өлім.
Артына белгі қалдырмай,
Бауыры қатты тас өлім.
Жыламайын десе де,
Шыдарлық па осы өлім?
Орамды тілді ауыздым,
Ақылға жүйрік маңыздым.
Көп жасамай, тез кетіп,
Көзімнің жасын ағыздың
Иманын айтып кеткені-ай!
"Бейсенбі ме бүгін?" деп,
Жұмаға қарсы өткені-ай!
Жер күңіреніп, жұрт шулап,
Ағайын түгел жеткені-ай!
Жамиғат тоңбай, күн жылып,
Тәңірім рақым еткені-ай!
Ием қабыл алды-ау деп,
Көңіліме қуат біткені-ай!
Қуаттанып бақсам да,
Күнәлі нәпсім түйтпеді-ай.
Ата тегің мұндағы —
Орта жүздің ұлығы;
Ана тегің ондағы —
Өзен судың тұнығы.
Екі асылдан қосылған
Сом алтынның сынығы.
Өлгенше естен қалмайды
Өзгеше біткен қылығы.
Қызыл балақ қыранның
Балапанын дерт алды.
Жеміс ағаш, бәйтерек
Балдырғанын өрт алды.
Артына белгі тастамай,
Жал-құйрығын келте алды.
Ағайынды тойғызбай,
Аз күн қоймай, ерте алды.
Көп жасамай, көк орған,
Жарасы үлкен жас өлім.
Күн шалған жерді тез орған,
Күншіл дүние қас өлім.
Артына белгі қалдырмай,
Бауыры қатты тас өлім.
Жыламайын десе де,
Шыдарлық па осы өлім?
Орамды тілді ауыздым,
Ақылға жүйрік маңыздым.
Көп жасамай, тез кетіп,
Көзімнің жасын ағыздың
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Абай Құнанбаев (Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Адамның кейбір кездері)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Не іздейсің көңілім не іздейсің?)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Адамның кейбір кездері)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Не іздейсің көңілім не іздейсің?)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?)
Іздеп көріңіз: