Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Махаббат па?)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Махаббат па?)

Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен
Жанымменен сүйемін, жанарыммен.

Сағыныш па?
Калай оны тауыса аламын.
Сағынғамын, шөлдегем, аңсағамын,
Ақыры шаршағамын, шаршағамын.

Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес.
Үйықтасам, түнде түсім, көңілде елес.
Өлгенше кетер емес көңілден еш...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Махаббат па өлеңі, мұқағали мақатаев махаббат өлеңдері, мұқағали мақатаев махаббат өлеңі, мукагали макатаев махаббат жайлы олендер, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]