Өлең: Абай Құнанбаев (Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да)
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.
Күшік ит бөрі ала ма жабылса да?
Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да.
Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,
Әр жерде-ақ керегеге таңылса да.
Құтырды көпті қойып азғанасы,
Арызшы орыс – олардың олжаласы.
Бірде оны жарылқап, бірде мұны,
Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.
Күшік ит бөрі ала ма жабылса да?
Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да.
Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,
Әр жерде-ақ керегеге таңылса да.
Құтырды көпті қойып азғанасы,
Арызшы орыс – олардың олжаласы.
Бірде оны жарылқап, бірде мұны,
Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Абай Құнанбаев (Күшік асырап ит еттім)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Қорқытпа мені дауылдан)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ата-анаға көз қуаныш)

Іздеп көріңіз: