Өлең: Абай Құнанбаев (Күлембайға)
Уағалайкүмүссәләм,
Болыс, мал-жан аман ба?
Мынадайға кез болдың,
Аума-төкпе заманда.
Ел билеген адам жоқ,
Ата менен бабаңда.
Болыстықтан пайда қып,
Шығыныңды алсаң, жаман ба?
Қалжыңдаймын әншейін,
Оған келе де бермес шамаң да
Орныңнан тұра шабасың,
Атшабар келсе қышқырып.
Ояз келсе, қайтер ең,
Айдаһардай ысқырып?
Отырасың үйіңде
Өз өзіңнен күш кіріп.
Босқа-ақ түсіп қаларсың,
Біреу кетсе үшкіріп!
Болыс, мал-жан аман ба?
Мынадайға кез болдың,
Аума-төкпе заманда.
Ел билеген адам жоқ,
Ата менен бабаңда.
Болыстықтан пайда қып,
Шығыныңды алсаң, жаман ба?
Қалжыңдаймын әншейін,
Оған келе де бермес шамаң да
Орныңнан тұра шабасың,
Атшабар келсе қышқырып.
Ояз келсе, қайтер ең,
Айдаһардай ысқырып?
Отырасың үйіңде
Өз өзіңнен күш кіріп.
Босқа-ақ түсіп қаларсың,
Біреу кетсе үшкіріп!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жалын мен оттан жаралып)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Біреуден біреу артылса)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Базарға, қарап тұрсам, әркім барар)
» Өлең: Абай Құнанбаев ( ҒАШЫҚТЫҚ ҚҰМАРЛЫҚПЕН - ОЛ ЕКІ ЖОЛ)

Іздеп көріңіз: