Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)

Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)

Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар.

Тартқан бейнет, өткен жас,
Жүректің отын сөндірмес.
Махаббат – өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.

Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.

Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі – тұл,
Доссыз ауыз тұшымас
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай құнанбаев Кейде есер көңіл құрғырың өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Кейде есер көңіл құрғырың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]