Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар.
Тартқан бейнет, өткен жас,
Жүректің отын сөндірмес.
Махаббат – өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.
Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.
Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі – тұл,
Доссыз ауыз тұшымас
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар.
Тартқан бейнет, өткен жас,
Жүректің отын сөндірмес.
Махаббат – өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.
Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.
Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі – тұл,
Доссыз ауыз тұшымас
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Алла деген сөз жеңіл)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Махаббат достық қылуға)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есіңде бар ма жас күнің)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ауру жүрек ақырын соғады жай)

Іздеп көріңіз: