Өлең: Абай Құнанбаев (АБРАЛЫҒА)

Өлең: Абай Құнанбаев (АБРАЛЫҒА)

Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кәпірді.
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қираәтін1 оқытып
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді2.

Намазшамның3 артынан
Құржаң-құржаң етеді.
Жер ұшық4 берген кісідей,
Тоңқаңдай ма, не етеді.
Нәпіл түгіл намазы –
Бәрі желге кетеді.

«Еннатайына кәлкәусар»5,
Пашол дереу, күнәкар
Аяғын ойлап айтқаны:
«Әні-шаны күлаптар».
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай құнанбаев АБРАЛЫҒА өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, АБРАЛЫҒА

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]