Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Аға "Самат Қамысбекұлына")

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Аға "Самат Қамысбекұлына")

Аға!
Сені сағындым расыменен,
Бұл өлең
Сағынышты басу өлең.
Қаламымды қайғыға малып қойып,
Өлең жаздым көзімнің жасыменен.

Санам қашан арылар сарыуайымнан,
Сарғайып сені күтем шалғайымнан.
Ішіме еніп кеткендей болушы едің,
Інім деп иіскегенде маңдайымнан.

Тағдыр мені осылай жатыр сынап,
Шықпас жаным...
Амал не, отыр шыдап.
Мінезіңе, ағажан, бір өзіңе,
Арқа сүйеп жүруші ем...
Ақыл сұрап.

Тумаса да туыс деп,
Бауыр санап,
Бауырыңа басушы ең, бәрін, Самат.
Сен дегенде қайтейін,
Шара бар ма,
Шолтаң ете қалды ғой өмір шолақ?

Ауылымыздың сен едің арғымағы,
Сені көріп тарқайтын жан құмары.
Бірге өсіп, бірге жүрген бауырларың,
Қайғы еміп, қасірет жұтып қалды бәрі.

Аға,
Сенің өшпейді атақ, атың,
Талайға тиген мейір – шапағатың.
Оралмас сапарыңа еріп кеткен,
Роза екен мәңгілік махаббатың.

Қайғыңды байлар едім,
Қазығы жоқ,
Көнеміз, жаратқанның жазуы деп.
Бесіктен белі шықпай қайғы көрген,
Салтанат, Әйгерімнің жазығы жоқ.

Қайғырып қара түске боянасың,
Тоқтайсың,
Сабырыңа таянасың.
Өмір беріп, қызығын бұл жалғанның,
Екеуінен Құдайым аямасын.

Бойына жинаған бар өсиетті,
Керемет жігіт едің қасиетті.
Әкең мен анаң көріп қасіретті,
Ағарып алты күнде шашы кетті.

Әттең, әттең...
Ағам-ау,
Арыс тектім,
Оралмасқа ортадан алыс кеттің.
Сен біздің есімізде қалдың мәңгі
Ұялтпас ұлы болып Қамысбектің.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
аға, аға туралы, ага, ага туралы, аға туралы өлең, аға туралы өлең шумақтары, аға туралы өлең жолдары, ана туралы олен, ага туралы олен шумактар, қалқаман сарин аға өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]