Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Өлең жазып жүрсің бе?)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Өлең жазып жүрсің бе?)

Маңдайыма бұл жазылған,
Жазбағанда енді қайтемін.
Жазу да жазу, жазудан,
Жазылар едім, айт емін!

Сорыма ұқсаған бағым бұл –
Дертім бұл менің асқынған.
Жауатын бұлттай жаным – жыр,
Қарашығына жас тұнған.

Тәңірден тағдыр болды айқын,
Қолымда – қалам қауырсын.
Айналып өте алмайтын,
Ақындық жолым – ауыр сын:
Жарығын іздеп әлемнің
Білтелі шамның түбінен.
Өртіне күйіп өлеңнің,
Тұңғиық кешіп түнімен.

Жаза алмай жүрген күндерде,
Жазғырып іштей өзімді.
Ұйқасын таппай түндерде,
Қаншама арман көз ілді.

Ей, Уақыт! Саған келемін,
Менікі, мынау – жол сапар.
Менің маңдайым – өлеңім,
Сенің маңдайың болса тар...

Өкінбен оған, өкінбен,
Арманға жеткен жан бар ма?
Жұлдыздарды еміп жетілген,
Жырларым жетер таңдарға!

Жан мұңын, достым, көтердім,
Тағдырын адам таңдай ма?
...Жазмышты жазып өтермін,
Жазылып қойған маңдайға.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Өлең жазып жүрсің бе өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]