Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Іңірдегі үнсіздік)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Іңірдегі үнсіздік)

Керуеніне ілесіп Өмір – Көштің,
Өтті бір күн. Қалмады көңілде ешкім.
Үнсіздікпен үйлесіп іңірдегі,
Сырласына айналам қоңыр кештің.

Қызыл іңір. Барады Күн қанталап.
Қыр астынан келеді Ай түнді арқалап.
Жалғыздықтан, жаным-ау, мені тағы,
Қалар дейсің құтқарып кім қалқалап?

Жалғыздықтың сүйгені сол – тыныштық,
Тыныштықта жоқ, жаным, қорқыныш түк.
Мұнарадай мұң шақсам түнгі аспанға,
Жұлдыз еріп кетер ме? (Дертім ыстық...).

Айлы түнге асыққан ақын көші,
Иә, жалғыздық – жанымның жақын досы,
Cен де мені сүйер ең, көрсең егер,
Өлең жазып отырған сәтімді осы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Іңірдегі үнсіздік өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]