Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сағынбауға...)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сағынбауға...)

Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес,
Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес.
Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш.

Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу,
Өтпейді. Өтсе, отырам оймен түнде ояу.
Саруайымменен, сарғаюменен күн кешіп,
Санама менің сіңіп барады бір бояу.

Толқыған жүрек, балқыған сезім тудырып,
Ол күндер кетті кірпікке ауыр мұңды іліп.
Малынып шерге, сағынып сен де жүрмісің,
Жаныңды, қарғам, жасына көздің жудырып.

Кетсе де мейлі аспанның асты тарылып,
(Серуен құрам, тәтті елес, сені сағынып).
Қанатын керген қара түндерден іздеймін,
Іздеймін анау аспанға сансыз шам іліп.

Жұлдызды аспаным жымың қаққанда жақын кеп,
Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп.
Қалайда, жаным, сені ұмытуға тиіспін,
Ал сағынбауға хақым жоқ!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат туралы олендер, махаббат туралы өлеңдер, махаббат туралы өлеңдер казакша, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат туралы өлең жолдары, қалқаман сарин Сағынбауға... өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]