Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Түс)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Түс)

Сен менің бүгін тағы түсіме ендің,
Беймаза бұл хәлімді түсінер кім?
Жаныма жақұт нұрлы сәуле шашып,
Көзіңнің күліп тұрды ішінен Күн.

Бұл жайды мен түсіндім, сен де түсін,
Тарылып бара жатыр кеуде тұсым.
Ұйкымды бұзбас едім дәл осындай,
Тәтті түс, тәтті сезім шербеті үшін.

Елесің, ерке күнім, келді қайтып,
Кетпесең жарар еді-ау сен мұңайтып.
Нүктесі қойылмаған жырларыма,
Бүкпесіз бар сырымды бердім айтып.

Кешегі көктем – ғұмыр, көгілдір бақ,
Келмеске кетпеп пе еді қолын бұлғап?!
Бақыттың бесігіне бөлеп бүгін,
Тербейді жүрегімді көңілді ырғақ.

Жайнаған жұлдызды аспан, Ай да әдемі,
Еседі мамыр айдың майда лебі.
Қағысын жүрегімнің жиілетіп,
Барасың бастап, қалқам, қайда мені?...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
түс туралы өлең, қалқаман сарин Түс өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]