Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сен...)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сен...)

Қиналып мүлде тағы боп барам,
Жүрегім – құса, көңіл – мұң.
Түсіндім енді, сәні жоқ маған
Өзіңсіз мынау өмірдің.

Осы болды ма түсінгендегің?
Жанымды кеттің мұңға орап.
Құрысын бәрі, ішімнен бүгін
Қасірет қардай тұр борап.

Өзіңмен жүрген кезім есімде,
Күндерім, айлы түндерім.
Сен әлі солай сезінесің бе,
Мен оны, жаным, білмедім…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Сен... өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]