Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Құлазу)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Құлазу)

Құлазып қалды ма еңсең,
Жылатсам демеп едім.
Жылаған жанды көрсем,
Жұбатсам деген едім.

Қарсы алмас сол баяғы,
Көктем де күліп бізді.
Санам да сарғаяды,
Сіңіріп суық күзді.

Алысып, адасып ең,
Алапат сезімменен.
Жүректің жарасына ем,
Іздейсің көзіңменен.

Тереңге барам батып,
Миымда – мазасыз мұң.
Сыйлардай саған бақыт
Ерлікке шарасызбын.

Сенбісің іздегені,
Елеңдеп екі көздің.
Махаббат күзде өледі,
Өлтірдім. Қатігезбін...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Құлазу өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]