Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Кездестік қоштасқалы...)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Кездестік қоштасқалы...)

Көлдей тұнық көзіңмен қызықтырдың,
Жүрді сонда жазықсыз жүзіп бір мұң.
Қоштасар сәт келгенде қимай мені,
Мөп-мөлдір мұңнан моншақ үзіп тұрдың.

Жүрекке жұп бола алмай сендегі адал,
Таусылды тағат, төзім, мендегі амал.
Жасыңды жел кептіріп қоңыр кеште,
Қоңыр күз қолыңа әкеп берді орамал.

Таза едің таңғы шықтай, пәк мінезің,
Әп-сәтте кермек татып тәтті кезің.
Сенен емес, жаным-ау, сенен емес,
Сезімімнен салқындық таптым өзім.

Ұмыттым. Бәрі, бәрі ұмытылды,
Жаныма махаббаттың мұңы тұнды.
Қураған жапырақтай жалған сезім,
Алсам да алақанға... үгітілді.

Кездестік қоштасқалы... Күз. Кешкілік,
Мұңлы әуен тұрды алыстан бізге естіліп.
...Шақырып кездесуге сонда сені,
Кеттім-ау жалғыздықпен жүздестіріп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Кездестік қоштасқалы... өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]