Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күй)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күй)

Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,
«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.
«Көбік шашқан», «Сары өзен» жағасында,
«Ерке сылқым», «Айжан қыз» күлімдеген.

«Дайрабай», «Байжұманың» өзін көрдім.
«Адаймын», «Жекпе-жекке» төзімді ермін.
Толғанып «Төремұрат», «Жеңгем сүйер»,
Бүлкілі, «Былқылдаса», «Бозінгеннің».

«Ақ жауын» «Алатауға» нәрлі жауын,
«Аңшының зары» емес пе, ал мынау үн?
Құрса егер күй керуен «Салтанатын»,
«Той бастар» топты жарып «Балбырауын».

Құдыретін көрдің бе күйдің осал,
Салтанатқа сән қосып сыйды жасар.
«Сейтектің сексен ері» серт байласып,
«Бес қыздың бел шешпесі» биге ұласар.

Қазақтың күйлері көп «Көңілашар»,
«Сарыжайлау» «Сарыарқаға» кеп ұласар.
Күй қылып күллі әлемді құшаққа алған,
Қазақтың болмаған ғой тегі нашар!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күй туралы өлеңдер, күй туралы өлең жолдары, күй туралы олен, күй, күй туралы, қалқаман сарин Күй өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]