Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Арқаттан алыс кеткелі)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Арқаттан алыс кеткелі)

Арқаттан алыс кеткелі,
Арқадан қоныс тепкелі,
Арғымақ жүйрік жылдарым,
Арқырап, зулап өткелі
Арқалап алған бір үміт
Арқамды жауыр еткелі,
Аз ғұмыр, сірә, өткен жоқ,
Азалы қылды тек мені...
Арқандап қойған ат құсап,
Арманға арман жетпеді.
Айылым қойды-ау жиылмай,
Айыбым әлде көп пе еді?!
Алайын бәрін мойныма,
Ағайын болса өкпелі.
Айнымас мәңгі сертінен,
Ай менен Күндей көктегі.
Ақжелең жастық шағым да,
Ақжауын сынды өтпелі.

Алатау еді арманым!
Арманға жете алмадым.
Ақмола болды мәресі,
Ауылдан шыққан арбаның.
Алланың бұл да бұйрығы,
Ар көрмен басқа салғаның.
Аңызақ желдің өтінде,
Азырақ ғұмыр жалғадым.
Аңғарып кейде қаласың,
Алағат күннің жалғаның.
Алаөкпе күйге түсерсің,
Алауыз болса жан-жағың.
Ақшулан бұлтпен астасып,
Ақ сұңқар құстай самғадым.
Астында мұңның қалдырмас,
Аспанға лайық талғамым.
Ақсүйек өнер АҚЫНДЫҚ,
Ақылдың жолын таңдадым!

Ақшуақ сүйіп бетімнен,
Алғаусыз ұл ем жетілген.
Азамат болып қалыппын,
Алаңсыз бала секілді ем.
Ағалық қайда кешегі,
Алалық көрер жетім бе ем?!
Арсыздың ісі, - деді атам,
Атағым жоқ деп өкінбен.
Ақырет күні өткізер,
Амалың ғана көпірден.
Абыздың мұңын бер, Алла!
Ауызды қайтем, көпірген.
Азуын айға білеген,
Арландай болып бекінгем.
Ажалым алып кеткенше,
Ажарын жырдың кетірмен!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Арқаттан алыс кеткелі өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]