Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Айналайын)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Айналайын)

Сен жақсы көретін ең жақсы мерейлі мезгіл боп,
Сен жақсы көретін ең жақсы санамда сөз бүрлеп.

Сен жақсы көретін ең жақсы шырайлы Күнге ұқсап,
Сен жақсы көретін ең жақсы бір Айлы түнге ұқсап.

Сен жақсы көретін ең жақсы армандай түсі әппақ,
Сен жақсы көретін ең жақсы гүлдерді құшақтап.

Сен жақсы көретін ең жақсы сезіммен нәп-нәзік,
Сен жақсы көретін ең жақсы сөзіммен хат жазып.

Сен жақсы көретін ең жақсы ән болып әдемі,
Сен жақсы көретін ең жақсы жан болып уәделі...

Алағай күн кешіп, толағай мұң кешіп келемін,
Сен жақсы көретін ең жақсы көңілдің күйі - осы,

Себебін түсінсең, сен едің, жаным-ау, сен едің,
...Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесі!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин сен жақсы көретін, айналайын, қалқаман сарин Айналайын өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]