Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүркіреп тұрған көктемде)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүркіреп тұрған көктемде)

Дүркіреп тұрған көктемде ,
Сіркіреп нөсер төккенде
Күркіреп жатқан бұлтты ,
Найзағай шаншып өткенде ,
Есіңемені алғайсың .
Қазбауыр бұлттар мұңғанда ,
Орманға жазда барғанда ,
Арманда мені , арманда!
Оңаша,жазғыз қалғанда ,
Есіңе мені алғайсың .
Қараша келген шақтарда ,
Құлазып тұрған бақтарда
Қурайлар сыңсып жатқанда ,
Жапырақ жайрап жапқанда ,
Есіңе мені алғайсың.
Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда,
Есіңе мені алғайсың!
Есіңе мені алғайсың!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Дүркіреп тұрған көктемде олен, мұқағали мақатаев Дүркіреп тұрған көктемде өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]