Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ерлердің ісі бітер ме?)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Беркініп садақ асынбай)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны)
» Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Күн қайда?)

Іздеп көріңіз: