Қазақша өлең: Қалқаман Сарин

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин

Көнеріп күз де кетті,
Көне қыс бізге жетті.
Көл жатыр көз ұшында,
Көрпе ғып мұз желекті.

Өмірдің бұл мезгілі,
Өзгеше мүлде өз жыры
Көкке үнсіз ұмтылады,
Көңлімнің күмбез мұңы.

Жаныма қатты құштар,
Жауып тұр ақ күміс қар.
Қолыма үнсіз ғана,
Қонақтап жатты құстар.

Тағыда аймалап мұң,
Тұңғиық ойға баттым.
Жаурады жан - жүрегім,
Жылуы қайда бақтың?

Алдымнан жол қашады,
Аяғым қар басады.
Бұл өмір өзгермейді,
Баяғым жалғасады...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]