Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ай)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ай)

Түн. Бұлыңғыр бір мұңға боялды көк,
Мен отырмын, ой – сергек, ояу – жүрек.
Алабұртып аспаннан іздегенім -
Үнсіз ғана сырласар аяулым ед...

Әппақ, әппақ арманым Айға асығып,
Қайтып жерге түседі қайғы асынып.
Жұбатады жанымды, кірпігіне
Жұлдыз біткен жылт еткен ой жасырып.

Меңіреу түн. Айнала – керең құлақ.
Айсыз аспан. Бір жұлдыз төмен құлап,
Кеңістікке жұтылып кетті тағы,
Жеткізе алмай бір хабар сенен бірақ.

Тұңғиықтан тұйық сыр қашап алып,
Құлазиды көңілім қоса налып.
Менің таудай мұңымды көтере алмай,
Қара түннің кетеді шашы ағарып.

Айым, сенсіз мына түн тым үрейлі,
Тұншықтырып тастайтын тұнық ойды.
Мейірленіп мен үнсіз қарасам да,
Қара аспанның қабағы жібімейді.

Көк ішінде адасқан сен де жалғыз,
Көп ішінде адасқан мен де жалғыз.
Бөлісуге келгенде елге адалмыз,
Көрісуге келгенде кембағалмыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ай туралы өлең, қалқаман сарин ай өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]