Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Тербелік тіршіліктің...)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Тербелік тіршіліктің...)

Айнымас қасиетін мәңгі сақтап,
Келеді бар әлемді таң құшақтап.
Сәулелі сұлу күннің саусағынан
Шашылып жер бетіне алғыс әппақ.

Жамылған жағасына құрақ көрпе,
Беймаза бұрала аққан бұлақ та ерке.
Шағылып алтын сәуле күміс суға
Шомылды сұлулыққа шуақты өлке.

Көңілім мұны көріп болады асқақ,
Өмірін жатқандай бір жаңа бастап.
Күннің еміп шұрайлы сүт – сәулесін
Таулар жатыр денесін жалаңаштап.

Күн қандай! Керім өлке... керемет жаз,
Алаңсыз аспанымда әуелеп қаз.
Аз ғұмыр – жаз ғұмырды сезер ме екен,
Айтып жүр гүл біткенге көбелек наз.

Самал жел салқын ғана есіп өткен,
Тербейді табиғатты осы леппен.
Қызығын жарық күннің көтере алмай
Шулайды жан-жануар есі кеткен.

Бұл күннің ғажап еді хошы неткен,
Тұр едім тау басында есінеп мен.
Малынып күн нұрына жатты осылай
Тербеліп тіршіліктің бесігі еппен!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Тербелік тіршіліктің... өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]