Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күзгі өлең)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күзгі өлең)

Көңілде күлкі жоқ еш,
Келемін налып іштей.
Кездесу мүмкін емес,
...тек сендік сағыныш қой.

Қол бұлғап кеттің ұзап,
Қалғаны - қалың күдік.
Көз жасын төкті жылап,
Көк аспан жанымды ұғып.

Таныттым асқақ рең
Таба алмай сөзді лайық.
Қалауы басқа, білем,
Қарады көз мұңайып...

Сездің бе, сезбедің бе,
Өлмесін көзіңше үміт.
Өлеңнен өзге кімге
Сыр айтам өзімсініп?!

Бақ болып жолықпай кем
Бұйырған тағдыр бізге.
Көктемдей көрікті оймен
Қамалып қалдым күзде.

Қараша. Күз аптығып,
Суынған от тіршілік.
Үнсіздік... Ұзақ тұрып,
Тұманға кеттім сіңіп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күз туралы өлең, күз туралы қазақша өлең, қалқаман сарин Күзгі өлең өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]