Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Әлдилей бер...)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Әлдилей бер...)

Мен өмірге келген Ай,
Қасат қарлы Қаңтар - бұл.
Қыл шылбырын қолға оңай
Ұстатпайды тарпаң жыл...

Тарпаң жылдың тағы да
Жармасып ап жалына,
Тауқыметін тартам құр.
...Таңдайымда - жауһар жыр,
Маңдайымда - сол тағдыр!

Иә, жаным! ...бұл мезгіл -
Мен өмірге келген шақ.
Көңілімде күмбез жыр
Күмбірлейді, елді аңсап.

Қоңыр салқын желді аңсап,
Қоңыр қазды көлді аңсап,
Қоңыр жота белді аңсап,
Менің қоңыр тірлігім
Тағынады зер-моншақ.

Мезгіл, мезгіл, мезгілдер,
Сағым жылдар, боз күндер,
Сендер кімнен бездіңдер?
...Адыр-қырлар, бозғыл бел,
Сендер нені сездіңдер?

Жаздың жауы - аптыққан
Күзгі дауыл, озбыр жел.
Қыстың соңы шаттықтан
Көктем болып, тез гүлдер.
...Сен бәріне төздің, жер!
Мен дәрменсіз пендемін,
Санамда құр сөз бүрлер.

...Әлемге осы келгелі,
Әлемді осы көргелі,
Әуедегі ақ бұлтқа
Әуен қосып, ергелі.

Әппақ қарлы даламен
Әуелетіп, сен мені
Әлдиледің, қара өлең,
Әлемге осы келгелі.

Әлдиледің қара өлең,
Әлдилей бер, қара өлең,
Әлдилей бер!...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалқаман сарин Әлдилей бер өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]