Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзімді таныстыру)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзімді таныстыру)

Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным.
Даламды жұпыны деп қарамағын:
Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб -
киелі жатыр мұнда бабаларым -
әрқайсы алтын діңгек дараларым.
Қансырап Далам талай қылыштардан,
сонда да сүрінбеген Шығыс-тарлан.
Дұшпанын ыққан малдай түріп айдап,
ұлдары Ер Түріктің ұрыс салған,
бар әлем тілсіз қалды ығысқаннан.
Ақ Баян сұлу Жібек - ерен гүлім,
жүргендей сіңлілерін жебеп бүгін,
үйреткен өмірімен, өлімімен
жігітті қалай сүю керектігін.
Ана жұрт - Анадолым құндыз бағы,
қол жетпес еңлік гүлдей шын-құздағы.
Ер Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз -
аспанның жерде жанған жұлдыздары,
Күн болар қатар жанса жұлдыз бәрі.
Қуансам, Күншығыстай нұрлы жүзім,
қуамын арғымақпен жыр қызығын.
Мекенім - Тұран дала, әз Түркістан,
түріктің батыр көңіл бір қызымын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Өзімді таныстыру өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Өзімді таныстыру, таныстыру өлең, таныстыру өлең қазақша, таныстыру өлең жолдары, өзімді таныстыру өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]