Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сандуғаш)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сандуғаш)

Кеудеме сандуғаш құс түнеді ме –
шақырды мені мәңгі Күн еліне.
Әуені тыншытпайды, әлде әнші құс
ұясын салды ма екен жүрегіме?..

Бар досым былай қалып,
бар құрдасым,сол әуен болып алды жан мұңдасым.
Өңімде, түсімде де көкірегімнен
қанатын қағатындай талдырмаш үн.

Самға енді жүректерге, сандуғашым,
тебіренсін балғын әнге бар жылдасым.
Бақыттан баз кештірген балаң үнім
тербетсін Отанымның тау, жылғасын!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Сандуғаш өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, фариза онгарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова олендери казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]