Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатай деген ағам бар)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатай деген ағам бар)

Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар.
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып,
Хан үстіне барғанда,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар, -
Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махамбет өтемісұлы исатай деген ағам бар, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, Қазақша өлең: махамбет өтемісұлы, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисов стихи на казахском языке скачать, махамбет отемисулы олендери на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]