Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шыда, шыда + видео)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шыда, шыда + видео)

Шыда, Шыда,
Шыда
й түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады.
Өкінбе, өкпелеме
Бүгініңе
өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып табынбағын.
Шыда, шыда
Шыдай
түс, тағы шыда,
Тау құлатқан тасқынның ағысына.
Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали, мақатаев, мұқағали мақатаев шыда олен өлеңі, өлең, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]