Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Арман қала)

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Арман қала)

Арқа төсі гүлденді,
Бәйшешектер құлпырып.
Қызғалдақтар, сарғалдақтар жайқалып,
Нұр аспанның шуағына шаттанып.
Жылдар жылжып, заман дамып,
Пайда болды картада.
Жаңа қала, сәнді қала - Астана,
Бейбіт қала бас қала.
Таң қалдырып жақын менен алысты,
Күннен күнге бой көтеріп жарысты.
Теңдесі жоқ ғимараттар,
Аспан менен таласты.
Жұмыс қызып,
Арман қуған жастарымыз,
Келіп жатты,
Жан-жақтан.
Бүгін міне Астана,
Әсем қала сәулетті.
Нұрлы қала гүлденген,
Сарыарқаның төрінде.
Талайларға үміт болған,
Талайларға арман болған.
Талайларға сенім берген,
Нұрлы қала жас қала.
Болашақтын негізі деп,
Қолдап жаттың жастарды.
Сондықтан да мен сені,
Сүйіп өтем Астана.
Нұрға толы, нұр есімі жан-жақтан,
Нұрға бөлеп шуақ шашты әр жақтан.
Сондықтан да көркейе бер әлі де,
Нұр есімі жарасады өзіңе.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Әліпов Айтбек Рымбекұлы Арман қала өлең стихи на казахском алипов айтбек рымбекулы казакша олен, Әліпов Айтбек Рымбекұлы өлеңдері, стихи на казахском алипов айтбек рымбекулы, алипов айтбек рымбекулы олендери казакша, Арман қала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]