Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Анашым)

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Анашым)

Ақ сүт беріп аялап,
Асқақтатып өсірген.
Әрбір ойды баласына,
Даналықпен жеткізген.
Дүниеде ең асыл жан, АНА деген.
Сен қымбатсың анашым,
Алтын күміс қазынаның бәрінен.
Сендей адам таба алмаспын әлемнен,
Жан жүрегі елжіреген.
Ана саған, көп көңілім аумаған ба?
Анашым деп еркелеп,
Ақыл сұрап жүргенде,
Мандайымнан иіскеп,
Ақыл айтып құшқанда.
Қалай ғана байқамаппын,
Ақ түскенін самайыңа,
Аппақ қардың қырауындай,
Мұздай суық ызғарын-ай.
Қалай ғана ақ түсті деп,
Ақпен бірге жүрегіне,
Дақ түсті деп,
Мазалайды сансыз ой.
Айтшы анашым қалай ғана,
Ауыртқанмын жаныңды.
Әлде бұл ақ самайдағы,
Белгісі ме Қарт ананың.
Сол кездегі құлыным деп айтқан сөзін,
Мәнгі қалды жүрегімде.
Сен қымбатсын бәрінен,
Асыл туған анашым.
Қартаюдың әсемдігін,
Бар адамға жазбаған.
Аппақ шаштың сұлулығы,
Бар анаға жарасқан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Әліпов Айтбек Рымбекұлы Анашым өлең стихи на казахском алипов айтбек рымбекулы казакша олен, Әліпов Айтбек Рымбекұлы өлеңдері, стихи на казахском алипов айтбек рымбекулы, алипов айтбек рымбекулы олендери казакша, Анашым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]