Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Қарлығаштын ұясы)

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Қарлығаштын ұясы)

Қарлығаш шыр-шыр етіп ұя салды,
Ұясын қол жетпестей биік салды.
Өзінің балдай сүйген балапанын,
Барымен қорек беріп асырады.
Басында баспана жоқ тарлық қылды,
Бар тапқаны күнен-күнге аздық қылды.
Шырылдап тамақ сұрап жылағанда,
Шықпас жан ата-ананың шырқырады.
Көмек таппай әкімдіктен, қоғамнан да,
Жан жүрегі ата-ананың қақ айрылды.
Ұйқы көрмей бар тапқанын балама деп,
Қиындықпен арпалысып шырылдады.
Көре тұра бұл жайды,
Еш бір жан басын бұрмады.
Шыбын құрлы көрмеді.
Басына түскен сынақ деп.
Бұл сұмдыққа төзбеді ме,
Әмір келіп Алладан,
Жанып кетті...
Ұшып көкке бес жұлдыз.
Тірі болса сәбилер,
Бес әулеттің жалғасы боп.
Қуанышқа бөлер еді,
Қазақ саның көбейтіп.
Бұл қасірет, қасіреттің ауыры.
Сондықтан да пана болсын әр қазақтың басында.
Ұя салу сай-салаға
Жарасқан тек қарлығашқа.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Әліпов Айтбек Рымбекұлы Қарлығаштын ұясы өлең стихи на казахском алипов айтбек рымбекулы казакша олен, Әліпов Айтбек Рымбекұлы өлеңдері, стихи на казахском алипов айтбек рымбекулы, алипов айтбек рымбекулы олендери казакша, Қарлығаштын ұясы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]