Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ана...)
Жан бар ма екен ана десе толғанбайтын,
Жан бар ма екен аналарын сағынбайтын.
Бар ма жүрек ана десе толқымайтын,
Бар ма жүрек ана десе шаттанбайтын.
Жан бар ма екен аналарын тыңдамайтын,
Жан бар ма екен аналарын сыйламайтын.
Ана деген жанға жақын сәби күннен,
Бойындағы нәрін берген, бәрін берген.
Ана деген баға жетпес байлығың,
Жарық өмір сыйлаған.
Тілеу тілеп, еркелігін көтерген,
Бар өмірін баласына арнаған.
Ана деген қасиетті есім ғой,
Үш әріптен тұратын.
Бар жақсыны бойына,
Жиып алған қазына.
Ана деген мөлдір бұлақ нәр беретін,
Қаттыны да жұмсатып,
Асауды да жуасытқан,
Мейірімнін ошағы.
Ана деген раушан гүлдей нәзік гүл,
Күн шуағы болмаса,
Салқындықтан солатын.
Сондықтанда ананы тіршілікте аяла.
Ана деген баға жетпес байлығың,
Жарық өмір сыйлаған.
Тілеу тілеп, еркелігін көтерген,
Бар өмірін баласына арнаған.
Жан бар ма екен аналарын сағынбайтын.
Бар ма жүрек ана десе толқымайтын,
Бар ма жүрек ана десе шаттанбайтын.
Жан бар ма екен аналарын тыңдамайтын,
Жан бар ма екен аналарын сыйламайтын.
Ана деген жанға жақын сәби күннен,
Бойындағы нәрін берген, бәрін берген.
Ана деген баға жетпес байлығың,
Жарық өмір сыйлаған.
Тілеу тілеп, еркелігін көтерген,
Бар өмірін баласына арнаған.
Ана деген қасиетті есім ғой,
Үш әріптен тұратын.
Бар жақсыны бойына,
Жиып алған қазына.
Ана деген мөлдір бұлақ нәр беретін,
Қаттыны да жұмсатып,
Асауды да жуасытқан,
Мейірімнін ошағы.
Ана деген раушан гүлдей нәзік гүл,
Күн шуағы болмаса,
Салқындықтан солатын.
Сондықтанда ананы тіршілікте аяла.
Ана деген баға жетпес байлығың,
Жарық өмір сыйлаған.
Тілеу тілеп, еркелігін көтерген,
Бар өмірін баласына арнаған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: