Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Өткенге саяхат)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Өткенге саяхат)

Жұрт айтатын,
Кең дейтін жаны ақынның.
Сол кеңдіктен бір ғажап табатын мұң.
Маңдайында жазуы бар дегенде
Аузымды ашып,
Аң-таң болып қалатынмын.

Бір қиялға содан соң бойлайтынмын,
Жігерімді жалынға қайрайтынмын.
Елестетіп ақынды адамға ұқсас
Құдай ғой деп өзімше ойлайтынмын.

Өмірінің өршіген оты жырмен,
Байрондардың тағдырын оқыдым мен.
Шынымды айтам, амал не олар үшін
Мен құтыла алмадым өкінуден.

Өледі ме, дүлдүл жыр өлмейді ме,
Көнеді ме, тағдырға көнбейді ме,
Оны уақыт біліпті.
Кеш біліпті
Жаны нәзік Есенин Сергейді де.

Биіктетіп,
Әрі өзін тереңдетіп,
Ынтықтырып,
Әркімді елеңдетіп,
Жасқа толып көздері ақындардың
Көбі өтіпті өмірден өлеңдетіп.

Өмір қалып жырымен сөздерін де,
Көз жұмған соң армансыз өз жерін де,
Ақын көзі құрғайды мәңгі-бақи
Тас мүсінге айналған кездерінде.

* * *
Мың сан тамыр жер қойнына енеді,
Енеді де мың сан гүл болып өнеді.
Бірақ соны білмейміз-ау, аяулым,
Мезгілінен қайсы ертерек семеді.

Жарқ етсе егер көк аспанның қабағы,
Мың сан жұлдыз кірпіктерін қағады.
Бірақ соны білмейміз-ау, жан гүлім,
Көк төсінде қайсы мәңгі жанады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дәуітәлі стамбеков Өткенге саяхат өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Өткенге саяхат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]