Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Ақтоғай туралы аңыз)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Ақтоғай туралы аңыз)

Ертек депті,
Ел оны аңыз депті,
Шындықтан да күдерін сәл үзбепті.
Ақиқатты аңсаған ата-баба
Аңыздан да керемет мән іздепті.

Түнде құсы тоғайдың сайрамапты,
Етегіне боз тұман тайғанапты.
Ақ қайыңдар қалғыса,
Төстерінен
Айдан түскен ақ сәуле аймалапты.

Осы кезде жоқ заттың әмірімен,
Қызға айналып қайыңдар бәрі кілең,
Әлдеқандай сыңсытып әуендерді,
Билейді екен түнде айдың жарығымен.

Жүрегінің іздеген керек емін,
Еркелерін, талай бір төрелерін.
Тыңдау үшін қыздардың әуендерін,
Көру үшін жалаңаш денелерін.

Барады екен орманға түн ішінде
Іздерін де, байқатпай жүрісін де.
Барады екен періште, пері ме әлде,
Бұл ғажаптың не екенін білісуге.

Жүрек жұтып талай ер жаралыпты,
Жаралыпты ашуға жаңалықты.
Айлы түнде жол шегіп сол тоғайға
Талайлары кетіпті,
Жоғалыпты.

Аузын ашып ел мұны айта алмапты,
Күндіз барып орманға айқайлапты.
Түн баласы ай туса қорқынышты,
Күндіз болса ештеңе байқалмапты.


Қарсы шығып, іске де құдай қылған,
Кегін алу үшін бір жын ойнынан.
Бірде түнде орманға от қойыпты
Жесір әйел ерінен тірі айрылған.

Содан бері баса алмай солығын да,
Тобылғылар,
Ұшқаттар торығуда.
Томарлар мен тамырлар шодырайып
Жырақ атты жыныстың орнында.

Ертек дейді,
Ел оны аңыз дейді.
Шындықтан да күдерін сәл үзбепті.
Ақиқатты аңсаған аталардай
Аңыздан да керемет мән іздепті.

Аңыз үшін жаралған
Арман үшін,
Ақтоғайдың арудай болғаны шын.
Ел аңызын еске алып ертелі-кеш –
Аралағым келеді орман ішін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дәуітәлі стамбеков Ақтоғай туралы аңыз өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Ақтоғай туралы аңыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]