Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Вокзалдар)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Вокзалдар)

Тірлігіменен сан қырлы
Бүгінді,
Ертең,
Кешені,
Жердегі бүкіл тағдырды
Вокзалдар бастан кешеді.

Алыстап,
Аңсап,
Қосылып,
Ыстықтап,
Жанып,
Тұншығып,
Қия алмай,
Қинап,
Кешіріп,
Қайнайды ғажап тіршілік.


Бейтаныс пенен таныстан,
Апталап,
Айлап,
Күні-түн,
Жақыннан мейлі,
Алыстан
Ол өшірмейді үмітін.

Армандай алыс жолдармен,
Адамдарымен қанша мың,
Вокзалдар темір қолдармен
Құшақтап алған жер шарын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дәуітәлі стамбеков Вокзалдар өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Вокзалдар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]