Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Еске алу)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Еске алу)

Түседі еске,
Батқан кезде ойларға,
Көшіп барып
Алыс сонау қойнауға,
Жұмыртқадай киіз үйлер тізіліп.
Отыратын баяғыда
Жайлауда.

Дала дастан,
Өзінше бір дала аңыз,
Сенбесеңіз жиегіне қараңыз.
Онда біздер
Сол даладан бірдеңе
Қанымызға сіңіп жатқан баламыз.

Кеңдігімен өзгеше бір тірлігі,
Шалғынының сылдыры мен сыбдыры
Қанымызға сіңе берді ақырын,
Далаға ұқсап шығу үшін бір күні.

Сүйем, далам, айырылсаң да іргеңнен,
Тіпті әуелі бұлтыңды да түнерген,
Күздігүнгі желіңді де ысқырған
Ең бір сырлас жақынымдай білем мен.

Сол күзде түсті ертерек ызғырық,
Өз дегенін салды, сөйтіп, күз бүліп.
Әлі есімде көршіміздің күшігі
Отыратын күнде жонын қыздырып.

Әлі есімде, қос құлағы қалқиып,
Жан-жағына ауыз ашып,
Аңқиып,
Барлық ауыл қыстау жаққа көшкенде
Жұртта жалғыз қала берді маңқиып.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дәуітәлі стамбеков Еске алу өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Еске алу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]